Рыбакинаның орнына шыққан Костюк WTA қорытынды турниріне қатысамын деп ойламағанын айтты

Фото: Getty Images
Украиналық теннисші Марта Костюк Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турниріне қатысуы туралы пікір білдірді.
Костюктің айтуынша, ол жарыстың алғашқы күнінде-ақ кортқа шығатынын күтпеген. Тіпті турнир барысында ойнауға мүмкіндік аламын деп те ойламаған.
«Турнирдің ашылу күні ойнауға тура келеді деп мүлде ойламадым. Шынымды айтсам, жалпы кортқа шығуға мүмкіндік аламын деп те күтпедім», – деді Костюк.
Украиналық теннисші денсаулығына байланысты қиындықтарға тап болғанын да айтты. Оның сөзінше, жақында ғана ауырсыну мазалаған, ал Линда Носковаға қарсы кездесу жағдайы жақсарғаннан кейінгі екінші матчы болған.
«Қазір мен үшін ең бастысы – ауырсынусыз қайта ойнау. Кортқа оралғаныма өте қуаныштымын. Маусым аяқталуға жақын. Осындай беделді турнирге қатысып, оның атмосферасын сезіну және жылды жақсы көңіл күймен аяқтау мен үшін өте маңызды», – деді спортшы.
Дегенмен Костюк алғашқы кездесуінде жеңіске жете алмады. Ол чехиялық Линда Носковадан екі сетте 2:6, 4:6 есебімен жеңілді.
Еске салайық, қазақстандық Елена Рыбакина вирустық инфекцияға байланысты WTA қорытынды турнирінен бас тартқан болатын.
Әлемнің бірінші ракеткасы бұл жарыста былтыр жеңіп алған чемпиондық атағын қорғауы керек еді. Алайда денсаулығына байланысты қатыса алмайтынын хабарлады.
Рыбакина енді толық сауығып, 2027 жылғы маусымға дайындыққа көңіл бөлуді жоспарлап отыр.