Басты бет
·
Футбол

«Сабах» – «Барселона» матчы кезінде жанкүйер көз жұмды

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Marc Graupera / ФК «Барселона»

Фото: Marc Graupera / ФК «Барселона»

УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бесінші турда Әзербайжанның «Сабах» және Испанияның «Барселона» клубтары арасындағы матч кезінде жанкүйер қайтыс болды.

Vesti.az басылымының хабарлауынша, қайғылы оқиға Бакудегі Олимпиада стадионында болған. Кездесудің екінші таймында көрермендердің бірі кенеттен өзін жайсыз сезінген.

Алдын ала мәлімет бойынша, жанкүйердің өліміне жүрек жеткіліксіздігі себеп болуы мүмкін.

Марқұмның денесі сот-медициналық сараптама жүргізу үшін мәйітханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, «Сабах» пен «Барселона» арасындағы кездесу испаниялық клубтың 4:1 есебіндегі жеңісімен аяқталды.

Қазақстандық қақпашы Стас Покатилов «Сабахты» алаңға капитандық таңғышпен бастап шығып, матчты толық өткізді.

Бес турдың қорытындысы бойынша Әзербайжан клубы үш ұпай жинап, Чемпиондар лигасының жалпы турнирлік кестесінде 32-орында тұр.

«Сабах» – «Барселона» матчы кезінде жанкүйер көз жұмды – sport-hub