«Сабах» – «Хапоэль Беэр-Шева»: Покатилов қатысатын матчты қайдан көруге болады?

«Сабах» ФК
Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов өнер көрсететін «Сабах» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығу үшін «Хапоэль Беэр-Шеваға» қарсы қарымта матч өткізеді.
Кездесу 25 тамызда Бакудегі Тофиқ Бахрамов атындағы Республикалық стадионда өтеді. Ойынның басталуы Қазақстан уақытымен 21:45-ке жоспарланған.
Қазақстандық жанкүйерлер матчты «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре алады. Сондай-ақ кездесудің ең маңызды сәттерін Sport-hub.kz Telegram арнасындағы тікелей трансляциядан бақылауға болады.
Командалар арасындағы алғашқы матч 19 тамызда Бухарестте өтіп, «Хапоэльдің» 2:1 есебімен жеңісімен аяқталды. Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығу үшін «Сабах» кем дегенде екі доп айырмасымен жеңуі қажет.
Айта кетейік, 33 жастағы Стас Покатилов әзербайжандық «Сабах» клубында өнер көрсетеді. Клуб құрамында ол Әзербайжан чемпионы атанып, ел кубогын екі рет жеңіп алды. Сонымен қатар футболшы команданың капитаны саналады.
Еске салайық, «Сабах» іріктеуді бірінші кезеңнен бастады. Әзербайжан чемпионы жол-жөнекей валлиялық «Нью-Сейнтсті» (4:1), финляндиялық КуПС-ты (3:0) және даниялық «Орхусты» (5:2) жарыстан шығарды. Ал «Хапоэль» турнирді екінші іріктеу кезеңінен бастады. Израильдік клуб исландиялық «Викингурды» (3:2), кейін «Црвена Звезданы» (3:0) жеңді.
Осы жұптағы жеңімпаз өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығады. Ал жеңілген команда маусымын Еуропа лигасының негізгі кезеңінде жалғастырады.