Сағи Совет Қазақстан құрамасындағы дебюті туралы әсерімен бөлісті

Фото: ҚФФ
«Жеңіс» клубының қорғаушысы Сағи Совет Венгрияға қарсы жолдастық кездесуден кейін Қазақстан ұлттық құрамасындағы алғашқы ойыны жайлы пікір білдірді.
Футболшының айтуынша, елдің басты командасы сапында алаңға шығу – әр ойыншының арманы.
«Әрине, Қазақстан құрамасында ойнаудың сезімі ерекше. Бұл – әрбір футболшының арманы. Ұлттық құрама сапында дебют жасау бақыты бұйырғанына өте қуаныштымын және маған сенім артқан бас бапкерге алғысымды білдіремін. Өкінішке қарай, бұл матчта оң нәтижеге қол жеткізе алмадық, сондықтан бәріміздің көңіліміз түсіп тұр. Бірақ алдағы уақытта жеңістеріміз көп болатынына сенемін. Осындай халықаралық кездесулер футболшылардың деңгейін көтереді. Матч бойы жанкүйерлердің қолдауын сезіндік. Бізге қолдау көрсетуге келген барлық жанкүйерге үлкен рақмет», – деді Сағи Совет ҚФФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
Еске салайық, Венгрия мен Қазақстан құрамалары арасындағы жолдастық кездесу Дебрецен қаласында өтіп, алаң иелерінің 3:1 есебімен жеңісімен аяқталды.
Қазақстан құрамасы сапынан Сергей Малый мергендік танытса, Венгрия құрамасының голдарын Доминик Собослаи, Андраш Шефер және Раймунд Тот соқты.