Басты бет
·
Футбол

Салах «Трабзонспорды» Еуропа лигасында өз алаңындағы жеңілістен құтқара алмады

Аружан Талғат··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

«Трабзонспор» Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы матчта өз алаңындағы басымдықты пайдалана алмады. Түркиялық команда венгриялық «Ференцварошқа» 0:1 есебімен есе жіберді.

Алаң иелері матчты белсенді бастап, допқа көбірек иелік етті. Алайда алғашқы болып қонақтар есеп ашты. 17-минутта Кристоффер Закариассен мүмкіндігін мүлт жібермей, «Ференцварошты» алға шығарды.

Жіберіп алған голдан кейін «Трабзонспор» бастаманы өз қолына алуға тырысқанымен, венгриялық команданың қорғанысын бұза алмады. Кездесу соңына дейін есеп өзгермеді – 0:1.

Түркиялық клуб сапында матчқа жұлдызды жаңа ойыншы Мохамед Салах та қатысты. Алайда команданың ең танымал трансферлерінің бірінің алаңға шығуы «Трабзонспорды» жеңілістен құтқара алмады.

Еуропа лигасы, плей-офф кезеңі

«Трабзонспор» – «Ференцварош» – 0:1

Гол: 0:1 – Кристоффер Закариассен, 17.

Енді Еуропа лигасының негізгі кезеңіне берілетін жолдаманың тағдыры қарымта кездесуде шешіледі. Екінші матч 27-нен 28 тамызға қараған түні Будапештте өтеді. Қос ойын қорытындысы бойынша жеңімпаз Еуропа лигасында өнер көрсетуін жалғастырса, жеңілген команда Конференциялар лигасына жол тартады.