Мохамед Салах «Трабзонспормен» келісімшартқа қол қоюға жақын
Бөлісу

«Трабзонспор» ФК
Египет құрамасының 34 жастағы шабуылшысы Мохамед Салах Түркияға келді. Ол жақын арада «Трабзонспор» клубына ауысуын ресми түрде аяқтайды.
Футболшының келгенін түркиялық клубтың баспасөз қызметі хабарлады. Жақын уақытта Салах жаңа командасымен келісімшартқа қол қояды.
Бұған дейін «Трабзонспордың» мысырлық ойыншыға жылына 17 миллион еуро жалақымен екі жылдық келісім ұсынғаны хабарланған еді. Өткен маусымда Салах барлық турнирде 41 матч өткізіп, 12 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді.
Айта кетейік, Салах бұған дейін «Ливерпуль» сапында өнер көрсетіп, Англия чемпионы атанды, Чемпиондар лигасын, клубтар арасындағы әлем чемпионатын, Англия кубогын, Англия лигасы кубогын, Англия Суперкубогын және УЕФА Суперкубогын жеңіп алған.