«Трабзонспор» президенті Салахпен келіссөздер туралы ақпаратты жоққа шығарды

Бегасыл Амирбай ··
«Ливерпуль» ФК

«Ливерпуль» ФК

«Трабзонспор» президенті Эртугрул Доган мысырлық шабуылшы Мохамед Салахтың түркиялық клубқа ауысуы мүмкін деген ақпаратқа пікір білдірді.

Доган «Ливерпульдің» бұрынғы шабуылшысымен келіссөздер жүргізіліп жатқаны туралы мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

«БАҚ-та түрлі ақпарат көп жазылады, бірақ біз бен ойыншы арасында ешқандай келісім жоқ. Мұны сеніммен айтып отырмын, алайда, шамасы, мұны жеткізе алмай жүрген сияқтымын. Жанкүйерлерімізді түсінемін. Олар Салах сияқты ойыншыны көргісі келеді, мен де сондай футболшының келгенін қалар едім. Оны кім қаламайды? Бірақ мұндай келісім жоқ, бұл жай ғана қауесет», – деді Доган Hurriyet басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, бұған дейін журналист Ягыз Сабунджуоғлу «Трабзонспор» Салахадқа жылына 17 миллион еуро жалақымен екі жылдық келісімшарт ұсынғанын хабарлаған еді.

Қазіргі уақытта мысырлық шабуылшы «Ливерпульден» кеткеннен кейін еркін агент мәртебесінде жүр. Өткен маусымда Салах барлық турнирлерде 41 матч өткізіп, 12 гол соқты және 10 нәтижелі пас берді.

«Трабзонспор» президенті Салахпен келіссөздер туралы ақпаратты жоққа шығарды – sport-hub