Самородов «Ахматтың» «Факелмен» болған матчында қандай баға алды?

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Ресей Премьер-лигасының үшінші турында Воронеждің «Факел» және Грозныйдың «Ахмат» командалары тең түсті.

Кездесу 0:0 есебімен аяқталды. «Ахматтың» негізгі құрамында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов алаңға шықты. Ұлттық құраманың форварды матчты толық өткізгенімен, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады. Flashscore статистикалық порталы Самородовтың ойынына 6,4 деген баға қойды.

Грозныйлық команданың тағы бір қазақстандық футболшысы Ғалымжан Кенжебек қосалқы құрамда қалды. «Ахматтың» бас бапкері матч барысында жартылай қорғаушыны алаңға шығармады.

«Ахмат» ойыншылары арасында ең жоғары бағаны қорғаушы Клисман Цаке алды. Ал матчтың үздік ойыншысы қақпашы Вадим Ульянов атанды. Қақпашы бірнеше рет командасын голдан құтқарып, қақпасының құрғақ сақталуына көмектесті. Айта кетейік, Ульянов бұған дейін қазақстандық «Қайраттың» намысын қорғаған.

Жинаған бір ұпай «Факел» үшін осы чемпионаттағы алғашқы ұпай болды. Тең нәтижеден кейін воронеждік команда турнир кестесіндегі жағдайын жақсартып, соңғы орыннан көтеріліп, 15-сатыға жайғасты.

«Ахмат» үш турдан кейін екі ұпай жинап, РПЛ турнир кестесінің төменгі бөлігінде қалып отыр.

Айта кетейік, келесі турда грозныйлық команда «Краснодармен» кездеседі.