Басты бет
·
АО-2026

Сәтпаев пен Ле Азиада-2026-да финалға шыға алмады

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Нұрғали Жұмағазы

Фото: Нұрғали Жұмағазы

Париж Олимпиадасының қола жүлдегерлері Ислам Сәтпаев пен Александра Ле Айти мен Нагояда өтіп жатқан Азиадада 10 метр қашықтықтан пневматикалық винтовкамен оқ атудан аралас командалық жарыстағы өнерін аяқтады.

Іріктеу кезеңінде қазақстандық жұп 629,1 ұпай жинап, алтыншы орын алды. Бұл нәтиже шешуші кезеңге өтуге жеткіліксіз болды. Іріктеуге 17 елдің өкілдері қатысты.

Сәтпаев пен Ле бұған дейінгі Азия ойындарындағы жүлдесін қайталай алмады. 2023 жылы Ханчжоуда өткен Азиадада олар осы бағдарламада қола медаль жеңіп алған еді. Ал бір жылдан кейін қазақстандықтар Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.

Еске салайық, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.