Сәтпаев «Ювентусқа» қарсы матчты қосалқы құрамда бастайды

Фото: Getty Images
«Челси» Гонконгтағы «Кай Так» аренасында өтетін «Ювентусқа» қарсы жолдастық матчқа арналған бастапқы құрамын жариялады.
Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев кездесуді қосалқы құрамда бастайды.
Лондондық клуб сапында алғашқы минуттардан алаңға Санчес, Палестра, Фофана, Тосин, Хато, Кайседо, Николь-Джазули, Кенда, Гиттенс, Жоау Педро және Уэлбек шығады. Матч 5 тамыз күні өтіп, Қазақстан уақытымен 16:30-да басталады.
Бұған дейін Сәтпаев «Челсидің» Аустралиядағы маусым алдындағы туры аясында екі матчқа қатысқан. «Вестерн Сидней Уондерерсқа» қарсы ойында ол негізгі құрамда шығып, жетінші минутта есеп ашып, командасының 6:4 есебімен жеңіске жетуіне көмектесті. Кейін бұл гол Sydney Super Cup турнирінің ең үздік голы деп танылды.
«Тоттенхэмге» қарсы кездесуде қазақстандық ойыншы қосалқы құрамда қалып, үзілістен кейін алаңға шықты, алайда нәтижелі әрекеттерімен көзге түсе алмады.