Сатпаевтың болашақ клубы «Ливерпуль» жартылай қорғаушысына қызығушылық танытуда

Темирлан Мажекенов ··
Фото:  Getty Images

Фото: Getty Images

Лондондық «Челси» «Ливерпульдің» германиялық жартылай қорғаушысы Флориан Вирцті өз қатарына қосуға мүдделі. Бұл туралы Football Insider басылымы хабарлады.

Дереккөздің мәліметінше, мерсисайдтық клуб футболшыға лайықты ұсыныс түссе, оны сатуды қарастыруы мүмкін.

Айта кетейік, Вирц бұған дейін «Байер» сапында өнер көрсеткен кезде команданы қазіргі «Челси» бапкері Хаби Алонсо жаттықтырған. Германиялық хавбек өткен жазда «Ливерпульге» ауысып, клуб тарихындағы ең қымбат трансфер атанған еді. Алғашқы маусымында Флориан Вирц барлық турнирде 49 матч өткізіп, жеті гол соқты және он нәтижелі пас берді.

Transfermarkt порталы футболшының нарықтық құнын 110 миллион еуроға бағалап отыр.

Еске салайық, алматылық «Қайрат» клубының шабуылшысы Дастан Сатпаев жазда Челси сапына қосылады.