«Селтик» Иван Башичке қызығушылық танытып отыр
Бөлісу

Фото: «Астана» ФК
«Астана» клубының жартылай қорғаушысы Иван Башич Шотландия чемпионатында мансабын жалғастыруы мүмкін. Босния және Герцеговина ұлттық құрамасының футболшысына «Селтик» клубы қызығушылық танытып отыр.
Daily Record басылымының мәліметінше, шотландиялық клуб 24 жастағы жартылай қорғаушының 2026 жылғы әлем чемпионатындағы ойындарын мұқият бақылап жүр.
«Селтиктің» шорт-листіне Босния және Герцеговина құрамасының тағы бір жартылай қорғаушысы Беньямин Тахирович те енген. Екі ойыншы да Канадаға қарсы алғашқы тур матчында (1:1) ұлттық құраманың негізгі құрамында алаңға шықты.
Башич 2025 жылдан бері «Астана» сапында өнер көрсетеді. Биылғы маусымда ол барлық турнирлерде 25 матч өткізіп, 3 гол соғып, 6 нәтижелі пас берген.