Сенегал құрамасының федерациясында команда дәрігерінің гинеколог болғаны мойындалды

Бегасыл Амирбай ··
Фото: FSF

Фото: FSF

Сенегал футбол федерациясының президенті Абдулайе Фаль ұлттық құраманың штаттық дәрігерінің футболшылармен жұмыс істеуге қажетті арнайы мамандануы болмағанын мәлімдеді.

Функционердің айтуынша, команда дәрігері мамандығы бойынша гинеколог болған.

«Біздің дәрігерімізде ойыншыларды сүйемелдеуге қажетті тиісті мамандану жоқ. Ол негізі гинеколог екен, мен мұны тым кеш білдім. Пікірлерге қарағанда, ойыншылар оған толық сенбеген, сондықтан онымен тұрақты жұмыс істемеген. Біз оларды тыныштандырып, сенімін арттыратын білікті маман табуымыз керек еді, өйткені олардың денсаулығы бәрінен маңызды», – деп Фальдің сөзін Emedia келтіреді.

2026 жылғы әлем чемпионатында Сенегал құрамасы I тобында үшінші орын алып, топтан шықты. Алайда 1/16 финалда Бельгиядан 2:3 есебімен жеңіліп, турнирді аяқтады.

2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады.