Шабуылшы Тайс Томпсон «Барыспен» келісімшартын ұзартты
Бөлісу

Фото: «Барыс» ХК
«Барыс» хоккей клубы америкалық шабуылшы Тайс Томпсонмен келісімшартын ұзартты.
26 жастағы форвардпен жасалған жаңа біржақты келісім 2027 жылдың 31 мамырына дейін есептелген.
Өткен маусымда Томпсон елордалық команданың сапындағы ең нәтижелі ойыншылардың бірі болды. Тұрақты чемпионатта ол 25 ұпай жинады — 15 шайба соғып, 10 нәтижелі пас берді. Шабуылшы клубтың үздік сұрмегендер бестігіне кіріп, «Барыстың» мергендер тізімінде үшінші орын алды.
Америкалық хоккейші әр матчта орта есеппен мұз айдында 19 минуттан астам уақыт өткізді. Оның үш шайбасы командаға жеңіс әкелді.
Маусым қорытындысында «Барыс» Шығыс конференциясында оныншы орын алып, плей-офф кезеңіне шыға алмады.