Ұлыбритания хоккейден әлем чемпионатының элиталық дивизионынан шығып қалды

Бегасыл Амирбай ··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Ұлыбритания құрамасы Латвиядан жеңілгеннен кейін хоккейден 2026 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионындағы орнын жоғалтты.

Топтық кезеңдегі матчта британдықтар латвиялық командадан 6:0 есебімен жеңіліс тапты. Шайбаларды Мартиньш Дзиеркалс, Денис Смирнов, Рудольф Балцерс, Эдуард Тралмакс, Харальд Эгле және Ренарс Крастенбергс соқты.

Осы жеңілістен кейін Ұлыбритания А тобында сегізінші орында қалып, турнирлік кестеде жоғары көтерілу мүмкіндігінен айырылды.

Келесі жылы британ құрамасының орнын элиталық дивизионда Қазақстан құрамасы иеленеді. Сондай-ақ жоғары дивизионға Украина құрамасы да жолдама алды. Турнир Германияда өтеді.

Әлем чемпионаты 15-31 мамыр аралығында Швейцарияның Цюрих және Фрибур қалаларында өтіп жатыр. Әр топтан үздік төрт команда плей-офф кезеңіне шығады.