Шавқат Рахмонов тізе жарақатынан кейін жаттығуға қайта оралды
Бөлісу

Фото: Louis Grasse/Zuma/ТАСС
Қазақстандық UFC файтері Шавқат Рахмонов тізесіндегі кезекті жарақаттан кейін жаттығу процесін қайта бастады.
Желіде жеңіліп көрмеген қазақстандық жауынгер ұлттық бокс құрамасының көшбасшыларының бірі Дулат Бекбауовпен бірге жаттығып жатқан видеосы пайда болды.
31 жастағы Шавқат Рахмонов UFC ұйымының жартылай орта салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Қазақстандық файтер кәсіпқой аралас жекпе-жектегі мансабын 2014 жылы бастаған. «Номадтың» еншісінде 19 жеңіс және бірде-бір жеңіліс жоқ. Соның ішінде Рахмонов 18 жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтаған.
2026 жылдың ақпан айында қазақстандық спортшы ұзақ уақыт октагонға шықпағаны үшін UFC-дің ресми рейтиңінен шығарылған еді.