Шомуродов 2026-ӘЧ ең үздңк гол номинациясына ұсынылды

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ФИФА

Фото: ФИФА

ФИФА турнирдің топтық кезеңіндегі ең әдемі гол авторларының тізімін жариялады. Номинанттар қатарында Өзбекстан құрамасының шабуылшысы Эльдор Шомуродов та бар.

Бұл тізімге сондай-ақ Джованни Рейна (АҚШ), Исмаэль Сайбари (Марокко), Винисиус Жуниор (Бразилия), Элайджа Джаст (Жаңа Зеландия), Керим Алайбегович (Босния және Герцеговина), Феликс Нмеча (Германия), Килиан Мбаппе (Франция), Лионель Месси (Аргентина), Кевин Пина (Кабо-Верде), Уилсон Исидор (Гаити) және Дайдзэн Маэда (Жапония) енді.

Шомуродов бұл тізімге топтық кезеңнің үшінші турында ДР Конго құрамасына қарсы матчта (1:3) соққан голының арқасында кірді. Ойынның 10-минутында ол айып алаңы сызығының маңында допты қабылдап, қарсылас қақпашысы Лайонель Мпаси-Нзаудың үстінен асыра дәл соққы жасады.

Айта кетейік, Өзбекстан құрамасы турнирді K тобында бірде-бір ұпай жинамай, төртінші орынмен аяқтады. Команда Колумбиядан (1:3), Португалиядан (0:5) және ДР Конгодан (1:3) жеңілді. Бұған дейін Өзбекстан құрамасының әлем чемпионаттарындағы алғашқы голын «Башакшехир» клубының ойыншысы Аббосбек Файзуллаев соққан болатын.

2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады.

Шомуродов 2026-ӘЧ ең үздңк гол номинациясына ұсынылды – sport-hub