Шон Стрикленд Ақ үйдегі UFC турниріне қатысуға тыйым салынғанын мәлімдеді

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Sky Sports

Фото: Sky Sports

UFC ұйымының орта салмақтағы бұрынғы чемпионы Шон Стрикленд Ақ үйде өтетін UFC турниріне қатыса алмайтынын айтты.

Америкалық файтер бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Ерлер арасындағы жалғыз америкалық чемпионға Ақ үйге кіруге тыйым салынды», – деп жазды Стрикленд.

Бұған дейін спортшы Израиль, Джеффри Эпштейн және АҚШ президенті Дональд Трамп туралы бірнеше рет қағытпа әзіл айтты.

Ақ үйдегі UFC турнирі 15 маусым күні өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу үшін Илия Топурия мен Джастин Гэтжи күш сынасады.

Ал ко-мэйн ивент жекпе-жегінде Алекс Перейра мен Сирил Ган ауыр салмақтағы уақытша чемпиондық белбеуді сарапқа салады.

Шон Стрикленд Ақ үйдегі UFC турниріне қатысуға тыйым салынғанын мәлімдеді – sport-hub