UFC Абу-Дабидегі турнирге Анкалаев пен Нұрмағамедовтің жекпе-жектерін жариялады
Бөлісу

Фото: Getty Images
Ресейлік файтерлер Магомед Анкалаев пен Умар Нұрмағамедов 25 шілдеде Абу-Дабиде өтетін UFC турнирінде жекпе-жек өткізеді.
Кештің басты оқиғасы жартылай ауыр салмақтағы Магомед Анкалаев пен америкалық кіші Хилл Раунтри арасындағы кездесу болмақ.
Турнирдің ко-мэйн ивент жекпе-жегінде Умар Нұрмағамедов америкалық файтер Джонатан Мартинеспен кездеседі. Олардың айқасы аса жеңіл салмақта өтеді.
Анкалаевтың рекорды - 21 жеңіс және екі жеңілістен тұрады. Ал Нұрмағамедовтің еншісінде 20 жеңіс пен бір жеңіліс бар.