Швейцария ӘЧ матчында бірінші таймнан кейін Алжирді жеңуде

Бекарыс Әлімхан··
Фото: ФИФА

Фото: ФИФА

2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Швейцария құрамасы бірінші таймнан кейін Алжирді 1:0 есебімен ұтып жатыр.

Кездесу Канададағы Ванкувер қаласындағы «Би-Си Плейс» стадионында өтуде. Ойынның 10-минутында шабуылшы Брель Эмболо есеп ашты. Голға жартылай қорғаушы Йохан Манзамби нәтижелі пас берді.

Еске сала кетейік, бұл кездесудің жеңімпазы Колумбия – Гана жұбының жеңімпазымен кездеседі.

2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады.