Швейцария – Босния және Герцеговина матчының тікелей трансляциясы

Бегасыл Амирбай ··
Фото: nfsbih

Фото: nfsbih

Швейцария құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының екінші турында Босния және Герцеговина құрамасына қарсы матч өткізеді.

B тобының екінші турындағы кездесу 19 маусым күні Инглвуд қаласындағы «Соу-Фай Стэдиум» стадионында өтеді. Басталу уақыты Қазақстан уақытымен 00:00-де.

Қазақстандық жанкүйерлер матчты «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре алады. Сонымен қатар ойынның ең маңызды сәттерін Sport-hub.kz Telegram-арнасында live режимінде бақылауға болады.

Еске сала кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтуде. Турнир тарихында алғаш рет оған 48 ұлттық құрама қатысып отыр.