Швёнтек Ван Сиюйді үшінші рет жеңіп, US Open турнирінің келесі кезеңіне өтті

Фото: Jimmie48
Әлемнің сегізінші ракеткасы Ига Швёнтек қытайлық Ван Сиюйді (WTA рейтингінде 80-орын) жеңіп, US Open-2026 турнирінің екінші айналымына жолдама алды.
Польшалық теннисші қарсыласын 6:2, 6:3 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 28 минутқа созылды.
Швёнтек бірде-бір эйс жасамай, бір қосарланған қателікке жол берді және тоғыз брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Ал Ван Сиюй бір рет эйс жасап, бір қосарланған қателік жіберді және брейк-пойнтқа ие болған жоқ.
Айта кетейік, Швёнтек қытайлық теннисшімен өткізген үш кездесудің барлығында жеңіске жеткен. 2024 жылы польшалық спортшы Мадридтегі турнирдің екінші айналымында 6:1, 6:4 есебімен, ал Париж Олимпиадасының үшінші айналымында 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жеткен.
Екінші айналымда Швёнтек аргентиналық Надя Подорошкамен кездеседі. Бұған дейін қарсыластар бір рет 2020 жылғы «Ролан Гаррос» турнирінің жартылай финалында ойнаған. Сол кездесуде польшалық теннисші 6:2, 6:1 есебімен жеңіске жетіп, кейін өзінің «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі алғашқы чемпиондық атағын жеңіп алған.
US Open-2026 турнирі 30 тамыз бен 12 қыркүйек аралығында өтеді. Қазіргі чемпион — Арина Соболенко. Ол өткен маусымның финалында Аманда Анисимованы жеңген.