«Сібір» «Барыстың» бұрынғы қорғаушысымен келісімшарт жасасты
Бөлісу

Фото: ҚХЛ ресми сайты
«Сібір» хоккей клубы 30 жастағы қорғаушы Иван Мищенкомен екі жылдық келісімшартқа қол қойды.
Омбы хоккей мектебінің түлегі өткен маусымда «Амур» сапында 65 матч өткізіп, алты шайба соқты және 19 нәтижелі пас берді.
Мищенко ҚХЛ-дегі дебютін 2017 жылдың 1 қыркүйегінде «Адмирал» құрамында өткізген.
Қорғаушының ҚХЛ-дегі жалпы көрсеткіші – «Адмирал», «Сочи», СКА, «Барыс» және «Амур» клубтары сапында жалпы саны 500 матчқа қатысты. Осы кездесулерде ол 34 шайба соғып, 96 нәтижелі пас берген.
Еске салайық, Мищенко қазақстандық клубқа 2022 жылдың тамыз айында қосылған еді. Ол астаналық команда сапында Құрлықтық хоккей лигасы аясында 64 матч өткізіп, 9 ұпайға (1 гол және 8 пас) қол жеткізді.