Скалони Мессидің ойынына жоғары баға берді

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Аргентина құрамасының бас бапкері Лионель Скалони 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Аустрияны 2:0 есебімен жеңген матчтан кейін Лионель Мессидің ойыны туралы пікір білдірді.

Кездесудің басты кейіпкері болған Месси екі гол соғып, командасының жеңісіне зор үлес қосты.

«Командаға қиын болған сәттерде Лео бар күшін салып ойнауын жалғастырды. Оның әр доп үшін күресуге және серіктестеріне көмектесуге деген ұмтылысы таңданыс тудырады. Біз оның осындай ойынын көріп отырғанымызға қуаныштымыз. Месси туралы көп айтылды, кейде ол туралы жаңа сөз табудың өзі қиын».

Екі турдан кейін Аргентина құрамасы 6 ұпаймен J тобында жеке-дара көш бастап тұр. Қатарынан екі жеңіске қол жеткізген қазіргі әлем чемпиондары мерзімінен бұрын плей-офф кезеңіне жолдама алды.