Скатов Германиядағы турнирді күтпеген жеңіліспен аяқтады

Али Асетов··
Фото: skatov_timofey / Instagram

Фото: skatov_timofey / Instagram

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Германияның Брауншвейг қаласында өтіп жатқан ATP Challenger 125 санатындағы турнирді алғашқы айналымнан кейін аяқтады.

Әлемнің 172-ракеткасы алғашқы кездесуде ATP рейтингінде 495-орында тұрған германиялық Мика Петковичпен кездесіп, екі сетте жеңіліп қалды – 5:7, 3:6.

Матч 1 сағат 44 минутқа созылды. Петкович алғашқы партияда тартысты ойында басым түссе, екінші сетте де өз мүмкіндігін тиімді пайдаланып, Скатовқа камбэк жасауға мүмкіндік берген жоқ.

Brawo Open (Брауншвейг, Германия)

1/16 финал

Мика Петкович (Германия) – Тимофей Скатов (Қазақстан) – 7:5, 6:3

Осылайша, қазақстандық теннисші жарысты бірінші айналымнан кейін аяқтады.

Айта кетейік, Brawo Open турнирі 6–12 шілде аралығында Брауншвейгте өтіп жатыр. Жарыстың жүлде қоры – 203 900 еуро. Турнир жеңімпазы 30 мың еуро сыйақы мен ATP рейтингінің 125 ұпайына ие болады.

Скатов Германиядағы турнирді күтпеген жеңіліспен аяқтады – sport-hub