Соболенко Берлиндегі турнирде Александрованы сенімді түрде жеңіп, ширек финалға шықты

Али Асетов··
Фото: Jimmie48

Фото: Jimmie48

Әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко Берлиндегі WTA-500 санатындағы турнирде сәтті өнерін жалғастырып, жарыстың ширек финалына жолдама алды.

Екінші айналымда Беларусь теннисшісі әлемдік рейтингте 19-орында тұрған ресейлік Екатерина Александрованы екі сетте жеңді — 6:4, 6:4.

Германия, Берлин, WTA, 1/8 финал

Соболенко (Беларусь) – Александрова (Ресей) – 6:4, 6:4

Жартылай финалға шығу үшін Соболенко чех теннисшісі Никола Бартунковамен кездеседі. Ол 1/8 финалда бельгиялық Элиза Мертенсті 6:1, 6:4 есебімен жеңген.

Айта кетейік, VANDA Pharmaceuticals Berlin Tennis Open турнирі 15–21 маусым аралығында Берлиндегі Штеффи Граф атындағы стадионның топырақты емес, шөпті корттарында өтіп жатыр. Жарыс дәстүрлі түрде «Уимблдонға» дайындық кезеңінің маңызды бөлігі саналады, ал негізгі сеткада 32 спортшы өнер көрсетеді.