Басты бет
·
Теннис

Соболенко Миландағы Vogue World подиумына шықты

Аружан Талғат··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Әлемнің екінші ракеткасы Арина Соболенко Миландағы сән апталығын ашқан Vogue World: Milano шоуына қатысты. Төрт дүркін «Үлкен дулыға» турнирінің жеңімпазы бұл жолы өзіне үйреншікті теннис алаңында емес, кәсіби модельдермен бірге сән көрсетіліміне шықты.

Соболенко подиумға Gucci by Demna топтамасынан киінген образбен шықты. Беларусь өкілі өзге де танымал қонақтармен қатар сән көрсетіліміне қатысып, шарадағы спортшылар арасынан көзге түскен жұлдыздардың біріне айналды.

Соболенконың сән әлеміндегі бұл шығуы 2026 жылғы US Open аяқталғаннан кейін көп ұзамай өтті. Америкалық «Үлкен дулыға» турнирінің қорытындысы бойынша ол WTA рейтингіндегі бірінші орнын жоғалтты.

Арина үшін хард төсенішіндегі «Үлкен дулыға» маусымы оңай болған жоқ. Жыл басында ол Australian Open турнирінің финалына дейін жетіп, шешуші матчта Қазақстан өкілі Елена Рыбакинадан жеңілген еді.