Сольбаккен Балогунға қатысты шешім үшін ФИФА-ны сынға алды

Норвегия құрамасының бас бапкері Столе Сольбаккен 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында АҚШ құрамасының шабуылшысы Фоларин Балогунның Бельгияға қарсы матч алдындағы бір ойындық дисквалификациясының тоқтатылуына байланысты ФИФА шешімін сынға алды.
«Бұл ФИФА тарапынан үлкен қателік болды. Оған алдымен сары қағаз көрсетілді, кейін VAR жүйесі араласып, ол алаңнан қуылды. Демек, ол бір матчқа шеттетілуі тиіс еді», – деп келтіреді Сольбаккеннің сөзін COPE.
Еске сала кетейік, ФИФА-ның тәртіптік комитеті Босния және Герцеговинаға қарсы 1/16 финалдағы кездесудің (2:0) екінші таймында тікелей қызыл қағаз алған шабуылшының дисквалификациясын тоқтатты. Соның арқасында Балогун бельгиялықтарға қарсы ойнай алады.
2026 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында Норвегия құрамасы Англиямен кездеседі. Матч 12 шілдеде өтіп, Қазақстан уақыты бойынша 02:00-де басталады.
2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады.