Соня Жиенбаева АҚШ-тағы турнирдің алғашқы айналымында жеңіліп қалды

Фото: Jimmie48
Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева АҚШ-тың Остин қаласында өтіп жатқан ITF W50 турнирінің жекелей сындағы алғашқы айналымында ресейлік Анастасия Тихоноваға есе жіберді.
Остин (АҚШ). ITF W50. Әйелдер. Бірінші айналым
Соня Жиенбаева (Қазақстан) – Анастасия Тихонова (Ресей) – 6:7 (6:8), 3:6
Ашық хард кортында өткен кездесу 1 сағат 53 минутқа созылды. Бірінші партияда қазақстандық теннисші тай-брейкке дейін жеткенімен, 6:8 есебімен жеңіліп қалды. Екінші сетте Тихонова 6:3 есебімен басым түсіп, келесі кезеңге жолдама алды.
Турнирдің екінші айналымында Анастасия Тихонова қытайлық Гао Синьюй мен америкалық Уитни Осигве арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі. Бұл ойын 20 қазанға жоспарланған.
ITF W50 турнирі Остинде 19-25 қазан аралығында өтеді. Жарыс ашық хард корттарында ұйымдастырылып, жүлде қоры 40 мың долларды құрайды.