Соня Жиенбаева Виго қаласындағы ITF турнирін жеңіспен бастады

Фото: Jimmie48
Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Испанияның Виго қаласында өтіп жатқан ITF W35 турнирінің жұптық разрядындағы өнерін жеңіспен бастады.
Ресейлік Екатерина Яшинемен бірге өнер көрсеткен Жиенбаева турнирдің ширек финалына жолдама алды.
Бірінші айналымда қазақстандық-ресейлік жұп америкалық Ариана Пазос-Делагуйя мен испаниялық Майре Пиасқа қарсы ойнады.
Матч басынан-ақ Жиенбаева мен Яшина басымдық танытып, қарсыластарына мүмкіндік бермеді. Алғашқы сетте олар бірде-бір гейм бермей, 6:0 есебімен жеңіске жетті.
Екінші сетте де ойын барысы өзгермеді. Пазос-Делагуйя мен Пиас бір ғана гейм алып, нәтижесінде Жиенбаева мен Яшина 6:1 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, қазақстандық-ресейлік жұп матчты 36 минутта аяқтады.
Ширек финалда Жиенбаева мен Яшинаның қарсыласы Ивета Дапкуте/Чаро Банулс және Селия Сервино Руис/Лиза Хофбауэр жұптарының кездесуінен кейін анықталады.