Бублик Шайдоровпен бірге подкаст жазуды жоспарлағанын айтты

ҚР ҰОК
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровпен қарым-қатынасы туралы айтып, екеуінің бірге подкаст жазуды жоспарлағанын жеткізді.
Теннисші мәнерлеп сырғанауды бақылап жүрмейтінін, алайда Шайдоров 2026 жылғы Олимпиада ойындарында жеңіске жеткеннен кейін отандасын жеке құттықтағанын айтты.
«Мен негізі мәнерлеп сырғанауды аса қызықтап көрмеймін. Миша Шайдоров жеңіске жеткен кезде бірден оған жазып, құттықтадым. Тіпті онымен бірге подкаст жазу туралы ойымыз болған. Өкінішке қарай, оны жүзеге асыра алмадық», – деп келтіреді Бубликтің сөзін «Чемпионат».
Шайдоров – 2026 жылғы Олимпиада чемпионы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері және төрт құрлық чемпионатының жеңімпазы. Ал Бублик 2016 жылдан бері Қазақстан атынан өнер көрсетіп келеді. Оның жеке разрядта ATP турнирлерінде 10 титулы бар.