Бублик US Open-2026 турнирінде атақты серіктеспен жұп құрады

Фото: Jimmie48
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик US Open-2026 турнирінің аралас жұптық разрядына қатысады. Оның жұптағы серіктесі америкалық аңыз теннисші Винус Уильямс болады.
US Open ұйымдастырушылары аралас жұптық турнирге қатысушылар тізімін жариялады. Олардың қатарында Бублик пен Уильямс жұбы да бар. Дегенмен жарыс басталғанға дейін қатысушылар құрамы өзгеруі мүмкін.
46 жастағы Винус Уильямс жекелей сында «Үлкен дулыға» турнирлерінің жеті дүркін чемпионы атанған. Сонымен қатар, қарындасы Серенамен бірге жұптық сында 14 рет «Үлкен дулыға» чемпионы болды. Америкалық теннисші жұптық разрядта үш дүркін Олимпиада чемпионы және аралас жұпта Олимпиаданың күміс жүлдегері атанған.
Сондай-ақ аралас жұптық сында Елена Рыбакина да өнер көрсетеді. Қазақстандық теннисші әлемнің тоғызыншы ракеткасы Тейлор Фрицпен жұп құрады. Америкалық спортшы 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.
Айта кетейік, US Open-2026 турниріндегі аралас жұптық жарыстар 25–26 тамыз күндері Нью-Йоркте өтеді.