«Спартак» «Ахматты» соңғы минутта жеңді

«Ахмат» ФК
Грозныйлық «Ахмат» Ресей Премьер-лигасының жаңа маусымындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. Өз алаңында мәскеулік «Спартакқа» 1:2 есебімен есе жіберді.
РПЛ. 2-тур
«Ахмат» – «Спартак» – 1:2
Голдар: Касинтура, 5 – Ву, 39; Барко, 90+1.
«Ахмат» есепті 5-минутта ашып, Эгаш Касинтура пенальтиді сәтті орындады. Бірінші тайм аяқталмай жатып, Кристофер Ву Маркиньостың пасынан кейін есепті теңестірді. 76-минутта Касинтура қызыл қағаз алып, «Ахмат» азшылық құрамда қалды. Ал 90+1-минутта Эсекьель Барко «Спартакқа» жеңіс сыйлаған голды соқты.
Қазақстандық шабуылшы Максим Самородов «Ахматтың» негізгі құрамында алаңға шығып, 61-минутта ауыстырылды. Ғалымжан Кенжебек қосалқы құрамда қалып, ойынға қатысқан жоқ.
Екі турдан кейін «Ахмат» 1 ұпаймен РПЛ турнирлік кестесінде 12-орында тұр. Ал «Спартак» 6 ұпай жинап, екінші сатыға көтерілді.
Айта кетейік, Самородов 2024 жылдан бері грозныйлық клуб сапында өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт ішінде қазақстандық футболшы 68 матч өткізіп, 13 гол соқты және 14 нәтижелі пас берді. Ал Кенжебек «Ахматқа» осы жылдың басында қосылып, 7 кездесуге қатысып, бір голдың авторы атанды.