«Спартак» Самородов үшін 8 миллион еуро төлеуге дайын

Фото: Getty Images
Мәскеулік «Спартак» 24 жастағы қазақстандық вингер Максим Самородовтың трансфері бойынша «Ахматпен» келіссөздерді жалғастырып жатыр.
Мәскеулік клуб шабуыл шебін күшейтуді көздеп отыр және футболшы үшін бастапқы ұсынысын айтарлықтай арттырған.
Анар Ибрагимовтың мәліметінше, «Спартактың» жаңа ұсынысы бонустарды қоса есептегенде 8 миллион еуроны құрайды. Бастапқыда ресейлік клуб Самородов үшін шамамен 4 миллион еуро ұсынған.
Ал «Ахмат» қазақстандық футболшыны 10 миллион еуроға бағалап отыр.
Самородов «Спартакпен» жеке келісімшарт талаптарын келісіп қойған. Енді негізгі мәселе клубтар арасындағы келісім.
Футболшының өзі Мәскеу клубына ауысуға мүдделі. Трансфер алдында ол «Ахматтың» бас бапкері Станислав Черчесовпен жағдайды жеке талқыламақ.
Өткен маусымда Самородов Ресей Премьер-лигасында 29 матч өткізіп, 5 гол соғып, 6 нәтижелі пас берген. Ал осы маусымда үш матчқа қатысқанымен, әзірге нәтижелі әрекеті жоқ.