«Спартактың» экс-бапкері «Жеңісті» тізгіндеуі мүмкін

Бегасыл Амирбай ··
Фото: Вячеслав Евдокимов / ФК «Зенит»

Фото: Вячеслав Евдокимов / ФК «Зенит»

Босниялық маман Владимир Слишкович жақын уақытта елордалық «Жеңістің» жаңа бас бапкері атануы мүмкін.

43 жастағы жаттықтырушы сейсенбі күні Астанаға келіп, қазақстандық клубпен келісімшартқа қол қояды. Келісім 2026 жылдың соңына дейін есептеледі.

Слишкович бұған дейін Ливанның «Аль-Ансар» және Боснияның «Зриньски» клубтарында бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарған. Сонымен қатар Босния және Герцеговина U16 жасөспірімдер құрамасының жаттықтырушылар штабында жұмыс істеген.

Кейін ол Мәскеудің «Спартак» клубында көмекші бапкер және уақытша бас бапкер қызметтерін атқарды. Соңғы жұмыс орны ресейлік «Орынбор» командасы болды. Өткен маусымда бұл клуб Ресей Премьер-лигасында 12-орын алды.

Еске салайық, бұған дейін «Жеңіс» командасының бас бапкері Әли Әлиев қызметінен кеткен болатын. Ақпарат құралдарының мәліметінше, маман бұл шешімді «Елімаймен» 0:0 есебіндегі тең ойыннан кейін қабылдаған.

Қазақстан Премьер-лигасының 20 турынан кейін «Жеңіс» 23 ұпай жинап, турнир кестесінде 8-орында келеді.

«Спартактың» экс-бапкері «Жеңісті» тізгіндеуі мүмкін – sport-hub