Сұлтан Заурбек Аустралиядағы маңызды жекпе-жек алдында WBA рейтингінен шығып қалды

Аружан Талғат··
Фото: IG Заурбек

Фото: IG Заурбек

Сұлтан Заурбек Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) екінші жеңіл салмақтағы рейтингінен шығып қалды.

Жаңартылған тізімде «Қазақ королі» лақап атымен танымал қазақстандық боксшы үздік 15 спортшының қатарына енбеді. Бұған дейін Заурбек рейтингте үшінші орында тұрған еді. Сондықтан оның жаңа тізімде болмауы ерекше назар аудартты.

Айта кетейік, 26 қыркүйекте Сұлтан мансабындағы маңызды жекпе-жектердің бірін өткізеді. Ол Квинслендте аустралиялық Джексон Инглэндпен кездеседі. Бұл жекпе-жекте IBF нұсқасы бойынша титулға үміткер мәртебесі сарапқа салынады.

Осылайша, Заурбек келесі жекпе-жегіне WBA рейтингіндегі орнынсыз шыққалы отыр. Дегенмен оның басқа чемпиондық белбеу жолында айтарлықтай ілгерілеуге мүмкіндігі бар.

Қазақстанның тағы бір өкілі Руслан Мадиев WBA-ның жартылай орта салмақтағы рейтингінде тоғызыншы орнын сақтап қалды.

Бұл дивизиондағы WBA суперчемпионы мәртебесін америкалық Теофимо Лопес иеленіп отыр.