Суперкомпьютер 2026 жылғы футболдан ӘЧ басты фаворитін анықтады

Темирлан Мажекенов ··
Фото: ФИФА

Фото: ФИФА

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының басталуына бір күн қалғанда Opta суперкомпьютері турнир жеңімпазына қатысты болжам жасады.

Есептеу нәтижесіне сәйкес, ең жоғары чемпион болу ықтималдығы Испания құрамасында – 16%.

Екінші орында Франция (12,9%), ал үшінші орында Англия (10,8%) құрамасы тұр.

Турнирге барлығы 48 ұлттық құрама қатысады. Командалар 12 топқа бөлініп, әр топта төрт командадан ойнайды. Ұйымдастырушы үш ел – АҚШ, Канада және Мексика – автоматты түрде қатысу құқығына ие.

Топтық кезең 11–27 маусым аралығында өтеді. Әр команда үш матчтан өткізеді. Плей-оффқа әр топтан алғашқы екі орын алғандар және үшінші орын алғандардың ішіндегі ең үздік сегіз команда шығады.