«Сутьеска» – «Қайрат»: Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңі матчының тікелей трансляциясы

«Қайрат» ФК
Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің бірінші турында Черногорияның «Сутьеска» командасына қарсы жауапты матч өткізеді.
Қарымта кездесу 16 шілде күні Никшич қаласындағы «Край Бистрице» стадионында өтеді. Ойын Қазақстан уақыты бойынша 00:00-де басталады.
Қазақстандық жанкүйерлер матчты «Freedom SuperApp» арқылы тікелей эфирде көре алады. Сондай-ақ кездесудің ең қызықты сәттерін Sport-hub.kz Telegram-арнасынан live режимінде бақылауға болады.
Бұған дейін өткен алғашқы ойында «Қайрат» қарсыласын 2:1 есебімен жеңген болатын. Алматылықтар сапынан Лукас Африко мен Марк Гуаль гол соқты.
Еске сала кетейік, өткен маусымда «Қайрат» өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде өнер көрсетті. Алматылық клуб жеті рет жеңіліп, бір рет тең ойнап, бір ұпай жинап, турнир кестесінде соңғы 36-орынды иеленді.
УЕФА Чемпиондар лигасының 2026/2027 жылғы іріктеу ойындары 7 шілде мен 26 тамыз аралығында өтеді. Ал жалпы кезең 2026 жылдың 8 қыркүйегінен 2027 жылдың 27 қаңтарына дейін жалғасады.