Татуласу үшін емес: Шакира мен Пике Барселонада қайта кездесті

Фото: Getty Images
Шакира мен Жерар Пике Барселонада тағы да жүздесті. Алайда бұрынғы жұптың кездесуіне романтикалық жағдай себеп болған жоқ. Олар ортақ балалары Милан мен Сашамен футболшының араласу тәртіне қатысты мәселе қаралатын сот отырысына келді.
6 қазан, сейсенбі күні әнші мен «Барселонаның» бұрынғы қорғаушысы Сот ғимаратына жеке келді. Жаңа сот процесінің негізгі мәселесі – 2022 жылы ажырасқаннан кейін жасалған келісім. 2023 жылдың сәуірінен бері балалар Шакирамен бірге Майамиде тұрақты тұрады, ал Пике Барселонада қалды.
Шакира ұлдарының әкесімен өткізетін уақытының көлемін емес, АҚШ пен Испания арасындағы сапар жүйесін өзгертуді қалайды.
Қазір демалыстың бір бөлігінде Милан мен Саша Атлант мұхиты арқылы Барселонаға ұшуға мәжбүр. Әншінің пікірінше, қысқа мектеп демалыстары кезінде Пике өзі Майамиге барғаны дұрыс. Оның өкілдерінің айтуынша, ұзақ әуе сапарлары, уақыт белдеуінің ауысуы және жолға кететін уақыт балалардың демалысын қысқартып, олардың қалыпты оқу және әлеуметтік өміріне әсер етеді.
Сонымен қатар Шакираның өкілдері бұл талаптың Пикенің балаларымен араласуын шектеуге бағытталмағанын атап өтті.
«Мақсат – балалардың әкесімен аз уақыт өткізуіне қол жеткізу емес. Майами мен Барселона арасындағы сапарларға байланысты ауыртпалықтың барлығы тек балаларға түспегенін қалаймыз», – деп әншінің тарапынан мәлімдеме жасалды.
Сотқа дейін бұрынғы жұптың өкілдері мәселені өзара шешуге тырысқан, алайда ортақ келісімге келе алмаған. Осыдан кейін мәселе Барселонадағы отбасылық сотқа жетті.
Сот отырысынан кейін ғимараттан бірінші болып Пике шықты. Бұрынғы футболшы жалғыз өзі шығып, жүзіне күлкі үйірілгенімен, журналистердің сұрақтарына жауап бермеді.