Тәжірибелі маман Қазақстанның күрес құрамасына қайта оралды

Бекарыс Әлімхан··
Фото: sportx.kz

Фото: sportx.kz

Тәжірибелі маман Маирбек Юсупов Қазақстанның еркін күрес құрамасының бапкерлер штабына қосылды.

Маман бұған дейін де ұлттық құрамамен 2017-2021 жылдар аралығында жұмыс істеген. Бапкерлер штабының негізгі міндеті құраманы Азия ойындары мен Астанада өтетін әлем чемпионатына дайындау. Ал ұзақ мерзімді мақсат 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына бәсекеге қабілетті команда жасақтау.

Маирбек Юсупов — кеңестік және ресейлік маман, өткенде еркін күрестен балуан болған. Ол Әлем кубогының жеңімпазы әрі жүлдегері, сондай-ақ КСРО-ның екі дүркін чемпионы.