«Тобыл» албаниялық шабуылшымен қоштасты
Бөлісу

Фото: Getty Images
«Тобыл» шабуылшысы Рубин Хебай тараптардың өзара келісімі бойынша қостанайлық клубтан кетті.
27 жастағы албаниялық футболшының кеткені туралы команданың баспасөз қызметі ресми түрде хабарлады.
Хебай «Тобол» сапында барлық турнирде 10 матч өткізіп, екі гол соқты және бір нәтижелі пас берді. Сондай-ақ шабуылшы қостанайлық клубпен бірге 2026 жылғы Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды.
ҚПЛ-дың артта қалған 10 турында «Тобыл» сегіз ұпай жинап, Қазақстан Чемпионатының турнир кестесінде 14-орында тұр. Қостанайлықтар келесі матчын 23 мамыр күні «Ордабасы» командасына қарсы өткізеді.