«Тобыл» – «Елімай»: матчтың тікелей трансляциясы

«Елімай» ФК
Қостанайлық «Тобыл» мен семейлік «Елімай» Қазақстан Премьер-лигасының 27-туры аясында кездеседі.
Матч 17 қыркүйекте Қостанайдағы «Орталық» стадионында өтеді. Кездесу жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00-де басталады. Жанкүйерлер матчты KFF League YouTube арнасынан тікелей эфирде көре алады. Сондай-ақ кездесудің ең маңызды сәттерін Sport-hub.kz Telegram арнасынан live форматында бақылауға болады.
Матч алдында «Елімай» ҚПЛ турнир кестесінде алтыншы орында тұр. Семейлік команда 24 кездесуде 35 ұпай жинаған. Ал «Тобыл» 25 ойыннан кейін 34 ұпаймен жетінші орында орналасқан.
Алдыңғы турда қостанайлық команда «Қайратты» 4:1 есебімен ойсырата жеңсе, «Елімай» «Жетісудан» 2:1 есебімен басым түсті. Командалар бірінші айналымда 4 сәуірде кездескен. Сол ойында семейлік команда өз алаңында 1:0 есебімен жеңіске жеткен.