«Тобыл» – «Паневежис»: Конференциялар лигасы матчының тікелей трансляциясы

«Тобыл» ФК
Қостанайдың «Тобылы» мен Литваның «Паневежисі» УЕФА Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі қарымта матчты өткізеді.
Кездесу 30 шілде күні Қостанайдағы «Орталық» стадионда өтеді. Ойынның басталуы – Қазақстан уақытымен 19:00.
Қазақстандық жанкүйерлер матчты «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре алады. Сондай-ақ кездесудегі ең қызықты сәттерді Sport-hub.kz Telegram-арнасынан live режимде бақылауға болады.
Еске салайық, алғашқы ойында «Тобыл» мен «Паневежис» 1:1 есебімен тең түсті. Сол матчта литвалықтардың қорғаушысы Сейдина Кейта 45-минутта есеп ашқан. 60-минутта төреші «Тобыл» пайдасына пенальти белгілегенімен, алаң иелерінің қақпашысы Асхат Тағыбергеннің соққысын қайтарды. Дегенмен стандартты жағдайдан кейін черногориялық Неманья Чавнич таразы басын теңестірді.
Айта кетейік, осы екі матчтың жеңімпазы Конференциялар лигасының үшінші кезеңінде «Партизан» (Сербия) – «УНА Штрассен» (Люксембург) жұбының жеңімпазымен кездеседі.