«Тобыл» – «Партизан»: Конференция лигасы матчын қайдан көруге болады?

«Тобыл» ФК
13 тамызда Қостанайдың «Тобылы» Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі қарымта матчта Белградтың «Партизан» командасымен кездеседі.
Матч Қостанайдағы Орталық стадионда өтеді. Кездесу Астана уақытымен 20:00-де басталады.
Матчтың тікелей трансляциясын «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.
Ойынның ең маңызды сәттерін Sport-hub.kz Telegram арнасындағы live форматында бақылауға болады.
Командалар арасындағы алғашқы матч Белградта өтіп, «Партизанның» 3:0 есебімен жеңісімен аяқталды. Сербиялық клуб сапында 33-минутта сенегалдық шабуылшы Демба Сек есеп ашты. Екінші таймда 65-минутта ганалық жартылай қорғаушы Зубайру Ибрахим есепті еселеді. Ал қосылған уақытта Шака Траоре үшінші голды соқты.
Енді «Тобыл» үш голдық тапшылықтың орнын толтырып, екі матчтан тұратын текетірестің барысын өзгертуге тырысады.
Екі ойынның қорытындысы бойынша жеңімпаз Конференция лигасының негізгі кезеңіне жолдама үшін күресін жалғастырады. Плей-офф кезеңінде бұл жұптың жеңімпазын испаниялық «Хетафе» күтеді.