Тоқтар Тарасовтың мәлімдемесіне жауап берді

Фото: erkebulan_toktar / Instagram
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар болашақ қарсыласы, ресейлік файтер Артем Тарасовтың мәлімдемесіне жауап қатты.
Бұған дейін Тарасов бейнеүндеу жариялап, қазақстандық спортшының актерлік өткенін еске салып, алдағы жекпе-жекте оған «нағыз ауыртпалықты сезіндіретінін» айтқан еді.
Алайда Еркебұлан Тоқтар қарсыласының сөзін жауапсыз қалдырмады. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында Тарасовтың өзінің тегін дұрыс айта алмайтынын мысқылмен атап өтті.
Тоқтардың айтуынша, қарсыласының жанындағы қолдаушылары жекпе-жек барысында көмектесе алмайды, өйткені октагонда әр спортшы жалғыз қалады.
Айта кетейік, бұл кездесу Еркебұлан Тоқтар үшін наурыз айында Ереванда өткен Hype Fighting Asia турниріндегі жеңілістен кейінгі маңызды мүмкіндік болмақ. Ол кезде қазақстандық спортшы қырғызстандық Марсель Нұрланбекуулынан төрешілердің бірауызды шешімімен жеңілген еді.
Еске салсақ, Еркебұлан Тоқтар мен Артем Тарасов арасындағы жекпе-жек 4 шілде күні Алматыда өтеді. Бұл кездесу MMA NOMAD 15 турнирінің басты оқиғаларының бірі болмақ.