Торонто турнирінде Рыбакина мен Касаткина матчын қайдан көруге болады?

Аружан Талгат··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Сәрсенбі, 5 тамыз күні қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Торонто қаласында өтетін WTA турниріндегі өнерін бастайды. Екінші айналымда әлемнің екінші ракеткасы Аустралия өкілі Дарья Касаткинамен кездеседі. Қазіргі таңда ол әлемдік рейтингте 61-орында тұр.

Бұл Рыбакина үшін Уимблдон-2026 турнирінен кейінгі алғашқы ресми жарыс болмақ. Лондонда қазақстандық теннисші үшінші айналымда жарысты аяқтаған еді, содан бері WTA турында кортқа шыққан жоқ.

Касаткина Уимблдоннан кейін Вашингтондағы турнирде өнер көрсетіп, негізгі кезеңнің алғашқы айналымынан аса алмады. Дегенмен оған дейін іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, екі жеңіске қол жеткізген. Торонто турнирінде аустралиялық теннисші бір матч өткізіп үлгерді — ол тартысты кездесуде қытайлық Ван Синьюйді (әлемнің 41-ракеткасы) 1:6, 7:6, 7:5 есебімен жеңді.

Матч Қазақстан уақытымен 21:30-да басталады. Тікелей трансляцияны осы сілтеме арқылы көруге болады.