Торрестің дублі ПСЖ-ді «Ренннен» жеңіліп қалудан құтқарды

Фото: ПСЖ
ПСЖ Франция чемпионатының 2026/27 жылғы маусымындағы бірінші тур матчында «Реннмен» 2:2 есебімен тең түсті.
Алаң иелері 9-минутта Себастьян Шиманьскидің голының арқасында есеп ашты. Бірінші тайм аяқталуға жақын Эстебан Леполь «Реннің» басымдығын еселеді. Осылайша командалар үзіліске 2:0 есебімен кетті.
Кездесудің екінші бөлігінде ПСЖ-ге алаңға қосалқы құрамнан шыққан Торрес көмектесті. 71-минутта испаниялық шабуылшы Фабиан Руистің пасын голға айналдырды. Ал матч соңына қарай дубль жасап, есепті теңестірді. 26 жастағы футболшы үшін бұл ПСЖ сапындағы алғашқы ресми матч болды.
Торрес тамыз айында «Барселонадан» ПСЖ-ге ауысқан еді. Франциялық клубтағы дебютіне бірнеше апта қалғанда шабуылшы 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Аргентинаға қарсы Испания құрамасына жеңіс голын соққан болатын (1:0).
Келесі турда ПСЖ 28 тамызда сырт алаңда «Лилльмен» кездеседі. Ал «Ренн» 30 тамызда өз алаңында «Ле-Манды» қабылдайды.