Трамп 2026 жылғы ӘЧ-дегі АҚШ құрамасының алғашқы матчын тамашаламайды

Фото: официальный сайт ФИФА
АҚШ президенті Дональд Трамп футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында АҚШ ұлттық құрамасының алғашқы матчына қатыспайды
АҚШ құрамасы жұма күні D тобының алғашқы турында Парагвай құрамасымен кездеседі. Матч Калифорния штатындағы Инглвуд қаласында өтеді.
Politico басылымының мәліметінше, АҚШ-тың ресми делегациясын мемлекеттік хатшы Марко Рубио бастап барады. Ал ойынға Парагвай президенті Сантьяго Пенья қатысады деп күтілуде. Ол трибунада америкалық саясаткерлермен кездесу өткізбек.
Еске салсақ, D тобында АҚШ құрамасы сондай-ақ Австралия (19 маусым) және Түркия (25 маусым) құрамаларымен ойнайды.
Топтық кезең 11–27 маусым аралығында жалғасады. Әр құрама өз тобындағы қарсыластарымен үш матч өткізеді. Плей-офф кезеңіне әр топтан алғашқы екі орын алған командалар, сондай-ақ үшінші орын иеленген сегіз үздік құрама шығады.
Жалпы турнир аясында 104 матч өтеді. Бұл әлем чемпионаттары тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.