Forbes әлем чемпионатындағы ең көп табыс табатын футболшыларды атады

Бегасыл Амирбай ··
Фото: FIFA

Фото: FIFA

Forbes басылымы 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын ең жоғары жалақы алатын футболшылардың рейтингін жариялады.

Тізім көшін Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду бастап тұр. Оның бір жылдағы табысы 300 миллион долларды құрайды.

Екінші орынға Аргентина құрамасының көшбасшысы Лионель Месси жайғасқан. Ол соңғы бір жылда 140 миллион доллар табыс тапқан.

Үздік үштікті Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе түйіндеді. Оның жылдық табысы – 95 миллион доллар.

Алғашқы бестікке Норвегия құрамасының сұрмергені Эрлинг Холанд (80 млн доллар) пен Бразилия құрамасының вингері Винисиус Жуниор (60 млн доллар) да енді.

Алтыншы орында мысырлық Мұхаммед Салах (55 млн доллар) болса, жетінші сатыға сенегалдық Садио Мане (54 млн доллар) орналасты.

Үздік ондыққа сондай-ақ ағылшындар Джуд Беллингем (44 млн доллар) мен Харри Кейн (41 млн доллар), сондай-ақ Испания құрамасының жас жұлдызы Ламин Ямаль (43 млн доллар) кірді.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты 12 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Бұл турнир тарихта алғаш рет 48 құраманың қатысуымен ұйымдастырылады.