2026 жылғы әлем чемпионатының алғашқы матчтарының кестесі

Пахита Амири··
Фото: FIFA

Фото: FIFA

11 маусымнан 12 маусымға қараған түні футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты басталады. Турнирдің алғашқы ойындары А тобында өтеді.

Әлем чемпионатының ашылу матчы Мехикодағы әйгілі «Ацтека» стадионында өтеді. Онда Мексика мен Оңтүстік Африка Республикасы құрамалары кездеседі.

12 маусым

00:00 — Мексика – ОАР (ашылу матчы)

07:00 — Оңтүстік Корея – Чехия

А тобы

Мексика құрамасы

ФИФА рейтингіндегі орны: 15

Әлем чемпионаттарындағы үздік нәтижесі: ширек финал (1970, 1986)

Бас бапкері: Хавьер Агирре

ОАР құрамасы

ФИФА рейтингіндегі орны: 60

Әлем чемпионаттарындағы үздік нәтижесі: топтық кезең (1998, 2002, 2010)

Бас бапкері: Уго Бросс (Бельгия)

Оңтүстік Корея құрамасы

ФИФА рейтингіндегі орны: 25

Әлем чемпионаттарындағы үздік нәтижесі: төртінші орын (2002)

Бас бапкері: Хон Мён Бо

Чехия құрамасы

ФИФА рейтингіндегі орны: 41

Әлем чемпионаттарындағы үздік нәтижесі: топтық кезең (2006)

Бас бапкері: Мирослав Коубек